Тапсырыспен егін егу диқандардың табысын молайтты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 тамыз
Тапсырыспен егін егу диқандардың табысын молайтты

2 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Гуйчжоу өлкесінің Чишуй қаласына қарасты Чанша, Чанци ауылдарында, қаншама мың гектар жерге егілген арақ ашытуға пайдаланылатын каулен орылып алынды. Егіншілер мол өнім алғандарына қуанып, кәулендерін күнге жайып кептіре бастады.

Биыл жыл басынан бері Чишуй қаласы ауыл шаруашылық өндірістік ұжымы ауылда қызмет етіп жатқан партия кадрларының бастауымен, өндірістік ұжымды, сатып алушы кәсіпорынды және егіншілерді өзара біріктіріп, оларды тұқыммен, органикалық тыңайтқышпен және егістік техникасымен жалпылай қамтамасыз етіп, тапсырыс арқылы егілген егінді органикалық тыңайтқыштар арқылы өсіріп, диқаншылар табысын молайтуға көмектесті. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото