Тарихи сәт! Су Бинтиан Токио олимпиадасының Ерлер арасындағы 100 метрлік финалына жолдама алды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 тамыз
Тарихи сәт! Су Бинтиан Токио олимпиадасының Ерлер арасындағы 100 метрлік финалына жолдама алды

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --1 тамызда Қытай спортшысы Су Бинтиан Токио олимпиадасының Ерлер арасындағы 100 метрлік финалына қатысып, 9.98 секундтық нәтижемен алтыншы орынды иеленді. Бұл Қытай спортшыларының аталған жарыс түріне тұңғыш жолдама алуы. Шын мәнінде, бұл Қытай ғана емес, бүкіл Азия көлемінде, олимпиада тарихында ерлер 100 метрлік финалына қатысқан тұңғыш азиялық спортшы саналады. Еске сала кетсек, Су Бинтиан жартылай финалда 9.83 секундта мәреге жетіп, өз тобынан озып, финалға жолдама алған еді. Бұл нәтиже осыдан бұрын өзі қол жеткізген Азия рекордын жаңалады, әрі осыған дейінгі оның ең жақсы нәтижесі саналады. Жақында 32 жасқа толатын спортшы Лондон және Рио олимпиадасына қатысқан. Токио олимпиадасындағы нәтижелерін қосқанда, осымен 7 рет 10 секундтқа дейін 100 метрлік мәреге жетіп отыр. Бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда, 30 жастан асқан Қытай спортшыларының өзі мұндай нәтижеге қол жеткізе алмаған. Қытай дүлдүлі Су Бинтиан өзінің қажырлы жаттығуы, қайыспас жігері мен талантының арқасында, қалыптасқан қағиданы бұзумен қатар, олимпиададағы ерлердің 100 метрлік финалында бұрын-соңды азиялықтардың қатыспаған тарихын да жаңалады. Медальға жетіп, жеңімпаз атану қандай да бір биіктікке жетуді қажет етеді. Осы биік шыңды бағындыруға жол ашқан бірден бір спортшы Су Бинтиан бүкіл Қытай елінің мақтанышына айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото