Қытай ғалымдары 419 миллион жыл бұрынғы үш бұрышты балықтың жаңа түрін тапты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 4 тамыз
Қытай ғалымдары 419 миллион жыл бұрынғы үш бұрышты балықтың жаңа түрін тапты

4 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Таяуда «Тарихи жаратылыстар ғылымы» атты халықаралық ғылыми журналда Қытай ғылым академиясының ежелгі омыртқалы хайуанаттар мен ежелгі адамдарды зерттеу орталығы тасқа айналған балық туралы жаңа зерттеу нәтижесін жариялады. Зерттеушілер Юнан өлкесінде осыдан 419 миллион жыл бұрынғы сауытты балық түріне жататын үш бұрышты балықтың жаңа түрінің мекендегенін тауып, оған «Лю орақ мүйізді балығы» деген ат берді. Бұлай атау себебі осы тасқа айналған балықты тапқан, сондай-ақ сауытты балықты зерттеген тұңғыш ғалым Лю Хайван еді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото