Джонс Хопкинс университеті: дүние жүзінде корона вируспен ауырғандар саны 200 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 тамыз
Джонс Хопкинс университеті: дүние жүзінде корона вируспен ауырғандар саны 200 миллионнан асты

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --4 тамызда Джонс Хопкинс университеті індет жағдайына байланысты жаңа сандық мәліметті жариялады. Шығыс Америка уақытымен 4 тамызда 15 сағат 21 минутқа дейін, бүкіл дүние жүзіндегі коронавируспен ауырғандар саны 200 миллионнан асқан. Нақтырақ айтсақ 200 миллион 14 мың 602 адам, індеттен қаза болғандар саны 4252873. Әрі бұл сандық көрсеткіш күн сайын артуда. Еске салатын болсақ, осы жылдың 26 қаңтарында вирус жұқтырғандар саны 100 миллионнан асқан болатын. Ал, 100 миллионнан 200 миллионға дейін небары 190 күн уақыт жұмсалып отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото