Қызыл құйрықты бабылер қорықпай қыстаққа келіп азықтанып, жұртты таң қалдырды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 тамыз
Қызыл құйрықты бабылер қорықпай қыстаққа келіп азықтанып, жұртты таң қалдырды
Қызыл құйрықты бабылер

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Біраз уақыттан бері топтанып жем терген құстар Баошан қаласы Лонглинг ауданының бір ауылында жүрді. Олардың басынан мойнына дейін қызыл-қоңыр, ал қанаты мен құйрығы қызыл түсті. Бұл реңдер олардың басындағы қара жүні мен құлағындағы сұр секпіліне жараса кеткен. Дауысы жарқын шығатын әдемі құстар қыстақтағыларды таң қалдырды.

Мәліметтерге сүйенсек, олардың 2021 жылдың ақпанынан мемлекеттік 2 дәрежелі ресми қорғалатын жабайы жануарлар тізіміне енген қызыл құйрықты бабылер екені анық болды. Олар Юнань, Гуанси, Гуйчжоу және Ууйшань тауы сынды жерлерді мекендейтін сирек кездесетін құстар санатында.

Ауылдағылардың айтуы бойынша, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап осы қызыл құйрықты бабылерлер басқа құстармен бірге келіп, жем теріп жей бастаған. Адамдар тиіспегеннен кейін құстар да еркін жүрген. Қызыл құйрықты бабырлер кейде бір-екі метрге дейін адамдарға жақындай алған. Тіпті ауылдағылардың ас үйіне, көктәтқа, отындарының арасына келіп, жем тауып жейді екен. 

Қызыл құйрықты бабырлердің қанаты мен құйрығы қызыл, иегі мен көмейі қара, қалған жерінің қауырсындары қоңыр, кейде сұрғылт да болады. Үнемі 3-5-еу болып топтанып жүреді. Олар табиғатынан секемшіл. Бұл құстардың дауысында сырыл болса да, сайрағыш келеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото