Сямэнь қаласындағы екі панда туған күндерін атап өтті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 тамыз
Сямэнь қаласындағы екі панда туған күндерін атап өтті
Пандалар дәмді құжырларды сүйсіне жеуде

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сямэнь(Қытайдың оңтүстік шығысында орналасқан) қаласындағы екі панда туған күндерін атап өтіп, ересек болғандарын тойлады. Көптеген интернет тұтынушылары желі арқылы ыстық сәлемдерін жолдап жатты.

Сямэньдағы екі панда 6 жасқа толған туған күндерін тойлады. Індетке байланысты егіз пандалардың туған күндері желі арқылы тойланды. Қызметкерлер осы туған күннен кейін, екі панда нағыз ересектер қатарына қосылады деді.

Қызметкерлердың айтуына қарағанда пандалардың 6 жасы, адамдардың жасымен есептегенде 20 жасқа тең болады екен. Екі панда да еркек. Бұл жас олардың толысып тұрған жігіт жасы деп айтуға болады. Туған күн «Ерекше батырлар» деген тақырыппен аталып өтті. Туған күн кешінде бамбуктан жасалған торттан басқа, қарбыз, жүзім, көктәт шырындарынан жасалған неше түрлі пішіндегі тәтті нандар дайындалған. Сонымен қоса күлгін қырыққабат шырынынан жасалған «666» пішініндегі балмұздақ да әзірленген. 

Пандалардың желіде туған күндері тойланғанын естіп, бұрын туған күн кешіне қатысамыз деп жоспарлаған отбасылар тойға ақ тілектерін жаудырды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото