Шыңжаң Көктоғай ауданының тереңдігі 136 метрлік жер асты гидроэлектр станциясы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 тамыз
Шыңжаң Көктоғай ауданының тереңдігі 136 метрлік жер асты гидроэлектр станциясы
13 шілде күні түсірілген Көктоғай гидроэлектр станциясының сыртқы көрінісі.

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Алтай аймағы Көктоғай ауданынан шамамен 17 километр қашықтықтағы таулы өңірде жер бетінен 136 метр төмендікте бір гидроэлектр станциясы бар.

20 ғасырдың 50-інші жылдарынан бастап Көктоғай кенінің қазылуына байланысты өңір электр тапшылығы зардабын әбден тартты. Осы жағдай қамшы болып, су байлығын пайдаланудың арқасында электр станциясы салынды. 1958 жылы гидроэлектр станциясын жер бетінен 136 метр тереңдікте сала бастады. Станция құрылысы 1966 жылы аяқталып, келесі жылдан қолданысқа берілді.

Бұрын күндіз-түні кен қазумен әбігерленіп жататын кен аумағы бүгінде Көктоғайдағы туристер көп баратын көркем аймаққа айналған. Ал жер астындағы гидроэлектр станциясы әлі күнге дейін халықтың игілігіне жарап келеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото