Токио олимпиадасы аяқталды, Қытай спорт ұжымы 38 алтын, 32 күміс, 18 қола медаль алды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 тамыз
Токио олимпиадасы аяқталды,      Қытай спорт ұжымы 38 алтын, 32 күміс, 18 қола медаль алды

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --32-нші жазғы олимпиада 8 тамыздың кешінде Токиода аяқталды.

Қытай спорт ұжымы 38 алтын, 32 күміс, 18 қола медаль алып, жалпы 88 медальмен марапаттар тізімінде екінші орынды иеленді. Бұл 2012 жылғы Лондон олимпиадасындағы жетістікпен бірдей болды әрі Қытайдың шетелде қатысқан спорт сайысында қол жеткізген ең жақсы нәтижесі саналды. Қытай спортшылары зілтемір көтеру, нысана ату, жүзу, велосипед жарысы сияқты сайыс түрлерінде айырықша көзге түсіп, спорттың 4 түрінен әлем рекордын, 21 түрінен олимпиада рекордын жаңартты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото