Чжанцзяцзы тұрғындары медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, баннерлер ілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 тамыз
Чжанцзяцзы тұрғындары медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, баннерлер ілді
10 тамыз күні Чжанцзяцзы ай бақша аумағындағы үйдің карантиндік шектеуде жатқан тұрғындары мейманханадағы медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 10 тамыз күні Хунан өлкесі Чжанцзяцзы қаласының кейбір тұрғындары үй балкондарына баннерлер іліп, медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді. Тұрғындардың бұл әрекеті үйдің қарсысындағы мейманханада тұрып жатқан медицина қызметкерлерінің назарын аударып, олар халықпен бірге құлшынатындығын білдірді.

Ақпараттарға сүйенсек бұл үйдің тұрғындары қарсыдағы мейманханаға осында көмекке келген медицина қызметкерлерінің орналасқанын естиді. Тұрғындар өзара WeChat тобында ақылдасып, дәрігерлер үшін баннерлер дайындатып, балкондарына іліп, індетке қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыстарын білдірген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото