Бельгиядағы Фотоэлектрлік автокөлік тұрағы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 тамыз
Бельгиядағы Фотоэлектрлік автокөлік тұрағы

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бельгияның Брюглет PairiDaiza хайуанаттар бағы аумағында көлемді автокөлік тұрағы ашылды. Шамамен 7000 көлік тоқтайтын тұраққа 60 мыңнан астам жалпы қуаты 20 МВт фотоэлектрлік панельдер орнатылған. Автокөлік тұрағы төбесінің фотоэлектрлік панельдермен жабылуы, көліктің 80 пайызын күн сәулесінен және жауын-шашыннан қорғай алады. Фотоэлектрлік панельдермен жиналған электр энергиясы хайуанаттар бағының қажетіне қолданылады. Одан артылғаны электрлі автокөлікті зарядтауға пайдаланылады және қоғамдық электр желілеріне қайтарылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото