Цзянсидың Цзюцзянынан тұңғыш рет Қытай-Еуропа кезекші пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 31 тамыз
Цзянсидың Цзюцзянынан тұңғыш рет Қытай-Еуропа кезекші пойызы жолға шықты

31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылдың 28 тамызында жүк вагондарына тоқыма бұйымдар, мата, киім-кешек, жиһаз сынды күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарды тиеген Қытай-Еуорпа пойызы Цзянсидың Цзюцзянынан жолға шықты. Ол Қорғас шекарасынан өтіп, Қазақстанға барады. Алтынкөл өткелі арқылы заттарды Орта Азияның жер-жеріне жеткізеді. Бұл тұңғыш рет Солтүстік Цзянси өңірінен жолға шыққан Қытай-Еуропа пойызы.

Мәліметтерге сүйенсек, бұл пойыздың 50 жүк вагоны бар екен. Жүктердің жалпы салмағы 1200 тонна. Жалпы бағасы 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Жүктер Цзянсидегі Цзюцзян Оңтүстік бекетінен топқа бөлінгеннен кейін, теміржолмен елден шығарылады. Барлық басып өтетін жолы 4500 шақырымнан асып, шамамен 7 күнде баратын жеріне жетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото