Батырлар отанына оралды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 қыркүйек
Батырлар отанына оралды

3  қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2 қыркүйек күні таңертең Қытай Халық-азаттық армиясының Юн-20 көлік ұшағы Шэньян Таоксиан халықаралық әуежайына қонды. Сегізінші рет Корея Республикасындағы Қытай халық Еріктілер армиясы шәһидтерінің сүйегі елге оралды. 109 Еріктілер армиясы шәһидтерінің сүйегі Шэньяндағы корей халқына көмектесіп, АҚШ -тың агрессиясына қарсы тұру соғысында көз жұмған шәһидтер зиратына жерленді.

Осыдан жарты ғасыр бұрын миллиондаған қытайлық сарбаздар корей халқына көмектесіп, АҚШ -тың агрессиясына қарсы тұру үшін майданға аттанған еді. Кейбіреулері сол күйі отанына оралмай, жат жерде қаза тапты. 2013 жылы Қытай мен Корея Республикасы арасындағы достық кеңес пен прагматикалық ынтымақтастық рухының арқасында Корея Республикасында қалған Ерікті Армия шәһидтерінің сүйегін еліне қайтару туралы келісімге келеді. 2014 жылдан 2018 жылға дейін 589 шәһидтің сүйегі отанына оралды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото