Шыңжаңның Алтай аймағындағы «шопан» полицейлер (3)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қыркүйек
Шыңжаңның Алтай аймағындағы «шопан» полицейлер

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ауа райы біртіндеп суыта бастаған кезде, Шыңжаң Алтай аймағы Бурылтоғай ауданының малшылары күздеулікке көше бастады. Олар төрт түлігін жаз жайлаудан Сарбұлақтағы күздеулікке қарай айдап жатты. Мәліметтерге сәйкес, Шыңжаң Алтай аймағы Бурылтоғай ауданы шекараны басқару бригадасы Арасан, Қызыл тау бөлімшелерінен 10 адам сайлап, төрт түлік малды Қызыл тау шекарасынан Сарбұлақ жайылымына аман-есен жеткізбек. Жол бойы маңызды жол бөліктерінде тексеруді күшейтіп, ауа райы өзгерісін бақылап, малшыларға шекараға қатысты заң-түзімдерді түсіндіріп, көш жолында кездескен қиыншылықтарды дұрыстай отырып, малшылар мен төрт түлік аман-есен күздеулікке жетті.

Жергілікті малшылар неше мың жылдардан бері шөптің шүйгінін, судың тұнығын іздеп, жылдың төрт маусымында мал бабына қарай көктеу, күздеу, жайлау, қыстаудың арасында көшіп-қонып жүреді. Биыл жайылымдық аймақта 300 мыңға жуық мал бар. Олар 10 күн ішінде 19 көне көш жолы арқылы Сарбұлақ жайылымына қоныс аударады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото