Нинсядағы Сицзичжэнь көлінің күзгі келбеті (5)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қыркүйек
 Нинсядағы Сицзичжэнь көлінің күзгі келбеті

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Күз мезгілінде Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Нинсядағы Сицзичжэнь көлі алтын түсті жердің қойнауындағы асыл тасқа ұқсайды. Күзгі көлдің көрінісі айналасындағы сатылы атыздармен жарасым тауып, көрген жанның көзін сүйсіндіреді.

Мәліметтерге сәйкес, Сицзичжэнь көлі Азиядағы бірінші, әлемдегі екінші жер сілкінісінен кейін пайда болған көл. Көл пішіні ұзын әрі тар. Оны Мемлекеттік Жер сілкініс басқармасы «Ұлттық типтік геологиялық орын» деп атады. Қазіргі уақытта көлдің тамаша экологиялық келбеті бейне жер сілкінісінен кейін қалыптасқан «Ниннань су мекеніне» тартылған әсем картина сияқты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото