Сычуань өлкесінің Лу ауданында жер сілкінісінен кейінгі зардаптарды жою жұмыстары тәртіппен жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 қыркүйек
Сычуань өлкесінің Лу ауданында жер сілкінісінен кейінгі зардаптарды жою жұмыстары тәртіппен жүріп жатыр

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қыркүйек күні сағат 4-тен 33 минут өткенде Қытайдың Оңтүстік батысындағы Сычуань өлкесінің Лу ауданында магнитудасы 6,0 балдық жер сілкінісі болды. Апат ошағының тереңдігі 10 шақырым. 16 қыркүйек күні сағат 11-ге дейінгі жағдай бойынша жер сілкінісі 3 адамның өмірін жалмады, 3 адам ауыр жараланса, 85 адам жеңіл жарақат алған.

Лу ауданындағы көптеген үйлер зақымдалған және құлаған. Көптеген апаттық-құтқару жасақтары мұнда құтқару және апаттық зардаптарды жою жұмыстарын жүргізді.

16 қыркүйек күні сағат 9 -да апат аймағына келген Сычуань орман өрт сөндіру корпусының 100 офицері мен сарбазы берілген тапсырмаларға сәйкес апат салдарын зерттеді, үй аралап құрсауда қалғандардың бар-жоғын тексерді. Бұқараға көмектесіп, құнды заттарын апат аумағынан жинастырып берді, әрі қисайған, жартылай бүлінген үйлердің қабырғаларын құлатты.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары әлі де қарқынды және тәртіппен жүріп жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото