«Шэньчжоу-12» әлем кемесіндегі ғарышкерлер аман-есен Бейжіңге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қыркүйек
«Шэньчжоу-12» әлем кемесіндегі ғарышкерлер аман-есен Бейжіңге жетті

18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ғарыштық инженерлік кеңсесі берген мәліметі бойынша, «Шэньчжоу-12» басқарылатын ұшу миссиясын сәтті аяқтаған ғарышкерлер Не Хайшэн, Лю Бомин, Тан Хунбо 2021 жылдың 17 қыркүйегінде Бейжіңге арнайы ұшақпен келді.

Мәліметтерге сәйкес, үш ғарышкер Бейжіңге келгеннен кейін медициналық оқшаулану кезеңіне енеді. Кешенді медициналық және жеке денсаулық тексеруінен өтеді әрі олардың оңалтуы ұйымдастырылады.

Ескере кетейік, 2021 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 13:37–де «Шэньчжоу-12» әлем кемесі жерге сәтті оралып, өз миссиясын табысты аяқтаған. «Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесіндегі ғарышкерлер ғарыш станциясында 90 күн бойы тұрақтап, кешенді жұмыс жасаған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото