Хэнаньның ауылшаруашылық өндірісі саласындағы өзгерістер

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қыркүйек
Хэнаньның ауылшаруашылық өндірісі саласындағы өзгерістер
Хэнань өлкесіндегі атыз суғарудың XX ғасырдың 50 жылдары мен 2017 жылғы көрінісі.

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Хэнань (Сары өзенінің орта-төменгі ағысында орналасқан) - еліміздің ірі ауылшаруашылық өлкесі. Оның «Орта жазықтағы астық қоймасы» деген атауы бар. Жаңа Қытай құрылғаннан кейін, әсіресе реформа мен ашық есік саясаты жүргізілген 40 жыл ішінде Хэнань фермерлерінің күнделікті фермалық жұмысында үлкен өзгерістер болды. Ауыл шаруашылығын механикаландыру мен озық технологияны қолдану ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігі мен сапасын жақсартты. Күн санап көбейген фермерлер дәстүрлі өндіріс әдістерімен біртіндеп қоштасты. Көптеген ауыл шаруашылығының үздік техникасы мен басқарудың жаңаша үлгілері егістік алаңында бой көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото