Тұңғыш реткі Қытай халықаралық шарап мәдени туризм көрмесі шымылдығын ашты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 27 қыркүйек
Тұңғыш реткі Қытай халықаралық шарап мәдени туризм көрмесі шымылдығын ашты

27 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қыркүйек күні Иньчуань халықаралық конвенциялар мен көрме орталығында Қытайдың (Нинся) бірінші халықаралық шарап мәдени туризм көрмесі өз шымылдығын ашты. Көрмеге 183 шарап зауыты мен компаниялар әкелген шараптар, шарап өңдейтін машиналар мен жабдықтар, шарап ыдыстары мен шарап өнеркәсібіне қатысты басқа да өнімдер әкелінді.

Хелан тауының шығыс етегі шарап ашытатын жүзім өсіруге арналған «Алтын белдеуде» орналасқан. Ол күн сәулесінің жеткілікті түсуі, жауын-шашынның аз болуы, температураның үлкен айырмашылығы және ылғалдылықтың төмендігі сияқты бірегей артықшылықтарды бір бойына сыйғызып жатыр. Қазіргі уақытта Нинсяда 101 шарап зауыты бар. Ол жылына 130 миллион бөтелке шарап шығарып, еліміздегі шарап ашытатын жүзімді шоғырлы өсіру аумағына, шарап зауытының шарап өндіретін орталығына айналды. 2021 жылдың шілдесінде Нинся ұлттық жүзім мен шарап өнеркәсібінің ашық дамуы кешенді сынақ аймағы ресми түрде құрылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото