Сиань қаласының ежелгі қала қорғаны ғылыми тұрғыда қалай қорғалды?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 қыркүйек
Сиань қаласының ежелгі қала қорғаны ғылыми тұрғыда қалай қорғалды?

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сиань қаласының ежелгі қала қорғаны тарихтағы ең көне және ең кемелді сақталған қала қорғаны, сонымен қатар Сиань қаласындағы маңызды туристік бағдар.

Аталған қорған 13,74 шақырымға созылып Сиань қаласының ежелгі орнын қоршап жатыр. Қорғанмен қоса ор және аспалы көпір сияқты бірқатар әскери нысандар да бар. Аталған қорғанда «Қорғанға шығып қаланы тамашалау», «Шырақ (жарық) шоуы», велосипед тебу, марафон өткізу сияқты шаралар ұйымдастырылып отырады. Көптеген адамдар ұзақ жылдар бойы сақталған қала қорғаны мұндай әрекеттерге төтеп бере ала ма, жоқ па дегенді және қала қорғанын қорғау қалай жүзеге асатынын білгісі келеді.

Сиань қала қорғанын бақылау-басқару комитеті директорының орынбасары және Ұлттық мәдени мұра әкімшілігінің сараптамалық мәліметтер базасының мүшесі У Чунь қала қорғанын қорғау тұрғысынан олар қабырғалар, ежелгі ғимараттар мен су объектілері, метро және туристердің әрекеті сияқты нысандарды тұтастай тексеріп тұратын 8000-нан астам бақылау нүктелері бар екенін айтты.

Жер асты суларына қатысты 31 бақылау ұңғымасы орнатылған. Ол негізінен ордағы су деңгейінің өзгеруі жер асты су деңгейінің өзгеруіне ықпал жасай ма, жоқ па, оның қорған іргетасы астындағы топырақ ылғалдылығына әсер ету жағдайы қандай дегенді бақылайды.

Мәдени туризм қызметі тарапынан негізінен мәдени туризмнің қала қабырғасына әсері қадағаланады. Қалалық қорған марафоны мен Жаңа жылдық шамдар фестивалі кезіндегі динамикалық және статикалық жүктеме шегі арқылы төтеп беруге қабілетті жүк көтергіштігі өлшенеді.

Сонымен қатар, қорған сыртындағы орға 24 бақылау нүктесі орналасқан, олар жағдайдың дәрежесіне қарай төменнен жоғарыға дейінгі төрт қауіп деңгейін жіктейді. Қауіптіліктің әр деңгейіне сай мұраны ғылыми тұрғыдан қорғауға тиісті немесе зиянды әрекетке қарсы шаралар мен жұмыс жоспарлары құрылған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото