«Сюэлоң 2» кемесі Шанхай ішкі базалық терминалына оралды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қыркүйек
«Сюэлоң 2» кемесі Шанхай ішкі базалық терминалына оралды

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Табиғи ресурстар министрлігінен ұғысынуынша , 28 қыркүйекте «Сюэлоң 2» кемесі Шанхайдың ішкі базалық терминалына қайтып оралды. Бұл Қытайдың 12-ші Арктикалық ғылыми экспедициясының сәтті аяқталғанын білдіреді. Экспедиция тобы Шанхайдан 12 шілдеде жолға шығып, 79 күн теңіз сапарын бастан өткізе отырып, 14000 теңіз милясына саяхат жасады.

«Сюэлоң 2» Қытайдың алғашқы өздігімен жасаған полярлық ғылым экспедициясының мұзжарғыш кемесі. Әрі әлемдегі тұңғыш екі жақты мұз жару қабілеті бар мұзжарғыш кеме болып табылады.

Бұл зерттеу климаттың өзгеруімен күресуге және Арктиканың экологиялық ортасын қорғауға бағытталғанын түсінуге болады. Онда Арктиканың ашық теңіздерінде навигациялық бақылаулар мен бөліп тексерулер сынды әдістер арқылы Чукчи теңізінің атмосферасы, мұхит, экология сияқты кешенді бақылауларды сәтті аяқтады және бірқатар ғылыми зерттеу нәтижелеріне қол жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото