Кәуаптан ел чемпионын анықтау

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 қыркүйек

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйек. Шынжан халықаралық көрме орталығында өткізілген Ауылдық жерлерді көркейтудің кәсіби шеберлік байқауында оқиға орнынан кәуаптың иісі аңқиды. Хош иіске таяп барсаңыз, «Қытай тағамдары шебері (Қой етін қақтау)» жобасына үміткер аспаздардың кәуап қақтаудан жарысқа түсіп жатқанын көресіз ...

Мәліметтерге қарағанда, жарыс барысында «ет кәуап» және «қабырға кәуап» қақтау сынды екі арнайы жобадан тыс, туған ауылындағы ерекше тағамдарды насихаттау негізінде, қосымша бір жобаны еркімен таңдайды. Қатысушылар 4 сағат ішінде осы үш жобаны орындап болуы керек.

«Таңдалған қой еті тым майлы немесе тым арық болмауы керек, қақталып шыққанда сырты қытырлақ, іші жұмсақ болуы, ыстық және хош иісті болуы, жегенде дәмі тіл үйіруі және күйіп кетпеуі керек»,- дейді жарыстың төрешісі Ся Цзинлун. Төрешілер нөмір қойғаннан кейін, ең жоғары ұпай алғандар кәуаптан мемлекеттік чемпион болады.

Бұған дейін бүкіл ел көлемінде 23 өлкеде (регион, қала) 6000- нан астам үміткерден 640 қатысушы іріктелген болатын. Енді олар Шынжанға Ауылдық жерлерді көркейтудің кәсіби шеберлік байқауына қатысу үшін жиналды.

«Әр аймақтардан оқыту мен іріктеу арқылы малшы-диқан отбасы мүшелерінен білікті шеберлер тобын дайындауға болады және көбісі осы арқылы кәсіп игере алады. Жаттығу арқылы қатысушылардың техникалық деңгейі мен мәдени сауаттылығы жақсарды. Міне, осындай жарыстар арқылы оқу мен жаттығуды насихаттасақ - мақсатымыздың орындалғаны»,- деді Ся Цзинлун.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото