Си Цзиньпин: Отанды толықтай біріктірудің тарихи міндетіне қол жеткізу керек және ол міндетті түрде орындалады!

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 қазан
Си Цзиньпин: Отанды толықтай біріктірудің тарихи міндетіне қол жеткізу керек және ол міндетті түрде орындалады!

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Синьхай революциясының 110 жылдығына арналған жиналыс 9-ы қазан күні тәңертең Бейжіңдегі Халық сарайында салтанатты түрде өтті. Жиналысқа ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет Президенті, Орталық әскери кеңесінің төрағасы Си Цзиньпин қатысып, маңызды баяндамалар жасады.

Си Цзиньпин Қытай халқының бөлінуге қарсы тұру мен бірлікті сақтау сынды даңқты дәстүрі бар екенін айтты. «Тайвань тәуелсіздігі» деп бөлінушілік – Отан тұтастығындағы ең үлкен кедергі және ұлттың гүлденуінің ауыр жасырын қауіп.

Ата-бабасын ұмытқан, Отанын сатқан немесе елді бөлшектегендердің соңы ешқашан жақсылықпен аяқталмайды, олардан халық безеді және оларды тарих соттайды! Тайвань мәселесі - бұл тек Қытайдың ішкі мәселесі және оған әрқандай сыртқы шет елдердің араласуына жол берілмейді. Қытай халқының ұлттық егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғаудағы табандылығын, нық ерігін, күшті қабілетін ешкім төмен бағаламауы керек! Отанды толық біріктірудің тарихи міндеті орындалуы керек әрі ол міндетті түрде орындалады!

Еске сала кетейік, 110 жыл бұрын Сунь Ятсен мырза өкілдік еткен революциялық партиясындағылар Қытай мен шет елдерді дүр сілкіндірген 1911 жылғы Синьхай революциясын бастады. Ол Цин әулетінің билігін құлатты және Қытайды мыңдаған жылдар бойы басқарған монархиялық жүйені жойды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото