БҰҰ «Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияның» (COP15) он бесінші конференциясы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 қазан
БҰҰ «Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияның» (COP15) он бесінші конференциясы ашылды

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 11-15 қазан аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымы «Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияны» (COP15) құрушы тараптардың он бесінші конференциясы Қытайдың Куньмин қаласында өтеді.

COP15 жаңалықтар орталығы Қытайлық және шетелдік БАҚ үшін ашылды. 169 БАҚ пен 853 репортер сұхбат пен репортаж жүргізу үшін онлайн және офлайн әдістерді қолданып жұмыс жүргізетін болады.

Бұл конференцияның тақырыбы биологиялық әртүрлілікті сақтаудың әлемдік тәжірибесін жан-жақты қорытындылау және 2020 жылдан кейінгі биоәртүрліліктің жаһандық негізін қалыптастыру үшін «Экологиялық өркениет: Жердегі тіршілік қоғамдастығын құру» деп аталады. Әлемнің 200 -ге жуық елі мен аймағының өкілдері биоалуантүрлілікті сақтау жоспарларын талқылайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото