Мыңжылдық Дунхуан – тарихи мәдениет және құмтау мен Айбұлақ (5)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 қазан
Мыңжылдық Дунхуан – тарихи мәдениет және құмтау мен Айбұлақ

12 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Дунхуан тарихта ежелгі Жібек жолының сілемі және маңызды әскери қала болды. Дунхуанға келсеңіз Могао Гроттоны көрмей өтпейсіз. Могао Гротто, әдетте «Будда үңгірлері» деп аталады. Ол Ганьсудың Дунхуан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жердегі Минша құмтауының шығыс етегі мен Даньцюань өзенінің батыс жағалауындағы жартастарда орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке созылған жалпы ұзындығы 1680 метр. Еліміздегі төрт ірі гроттың бірі ретінде Могао Гротто біздің эрамыздың 366 жылы қазылған, қазірге дейін 1655 жылдық тарихы бар. Могао Гротто -1987 жылы әлемдік мәдени мұралардың тізіміне енген еліміздегі алғашқы топтағы мәдени мұра. Ол әлемдегі аумағы ірі, тарихы ұзақ, мазмұны бай, рухани құндылығы жоғары будда өнерінің жәдігері.

Минша құмтауы түгелдей дерлік құмнан тұрады және көшпелі құм дыбысының әсерімен Минша (айғай құм) деген атқа ие болған. Мұқият қарасаңыз ұсақ құмның қызыл, сары, жасыл, қара, ақ - бес түсі бар. Минша құмтауының құшағында жаңа туған айдың пішініне ұқсайтын «Айбұлақ» атты кең мөлдір су бар. «Айбұлақтың» жағасында сейілдесеңіз, мөлдір су самал желмен баяу толқып, сізде де әсем толқынға бөлейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото