«Менің қытай тілін үйрену туралы әңгімем» 2021 халықаралық әңгіме жарысы сәтті аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- «Менің қытай тілін үйрену туралы әңгімем» 2021 халықаралық әңгіме конференциясының финалы 12 қазанда Цинхай өлкесінің Синин қаласында сәтті аяқталды. Іс-шараны Қытайдың Шет елдермен достық ассоциациясы бас болып ұйымдастырды және Сининін қалылық халық үкіметі мен Онлайн Халық газеті жауапты болып өткізді.

Германиядан, Қазақстаннан, Аргентинадан, Үндістаннан, Жапониядан, Сириядан, Франциядан, Зимбабведен, Конгодан (Браззавильден) және АҚШ-тан келген 10 қатысушы (Сахнаға көтерілу реті бойынша) қытайдың дәстүрлі мәдениетіндегі конфуцийшіліктің өзегі «Қайырымдылықты» тақырып етіп, әрқайсысы 7 минуттан сөйледі. Олар өздерінің қытай тілін қалай үйренгені туралы әңгімелерімен Қытай тілінде еркін түсіндіріп, Қытайда болған оқиғаларымен бөлісті.

      Соңында Зимбабведен келген Ян Цзин арнайы (ерекше) сыйлықты, Ма Ли (Сирия) мен Цзинцзин (Қазақстан) бірінші жүлдені жеңіп алды; Сяо Ю (Үндістан, 10 жаста), Ли Хуню (Аргентина), Ай Цзе (АҚШ) екінші жүлдені иеледі; Яншита (Жапония), Чарльз [Конго (Браззавиль)], Ричард (Франция) және Кристофер (Германия) үшінші жүлдені еншіледі.

Еске сала кетсек, Халықаралық әңгіме конференциясы 17 мамырда бүкіл әлем бойынша басталғаннан бері, оған 50-ден астам ел мен аймақтағы 3000-нан астам Қытай тілін үйренушілер қызығушылықпен атсалысқан болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото