Сычуаньның солтүстік-батысындағы тибет малшылары қыстауына көшті (2)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қазан
Сычуаньның солтүстік-батысындағы тибет малшылары қыстауына көшті

18 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында ауа райы салқындаған сайын, Сычуаньның солтүстік-батысындағы жайлаудағы малшылар бір жылда бір келетін қыстаулыққа көшуді бастады. Жергілікті тибет (zangzu)малшылары табын-табын сиыр, қора-қора қой мен үйір-үйір жылқыларын айдап тау қойнауындағы жаз жайлауынан қатынасы қолайлы,шөбі шүйгін,суы тұнық қыстауына көшіп барады.

Сычуаньның солтүстік-батысындағы малшылардың жаз жайлауында болатын уақыты қысқа, ал қыстауда ұзақ уақыт отырады,ол бүкіл жылдың үштен екісін құрайды. сондықтан қыстау жергілікті малшылардың қоныстары болып табылады. Көш жолының жақын жері он немесе жиырма шақырым, ал алысы жүздеген шақырымға созылады. Егер жол алыстығы 50 шақырымнан асса, малшылар екі күн бойы жүруге тура келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото