Қытай халықаралық күтім және оңалту көрмесіндегі көмекші өнімдер (6)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қазан
Қытай халықаралық күтім және оңалту көрмесіндегі көмекші өнімдер

18 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 15-17 қазан аралығында Бейжіңде Қытайдың мүгедектер қауымдастығы ұйымдастырған 2021 жылғы Қытай халықаралық әл-ауқат көрмесі мен Қытай оңалту халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге 200-ден астам қатысты кәсіпорын келді. Көрмеге қойылған әр түрлі көмекші құралдар мүгедек сынды мүмкіндіктері шектеулі жандардың функционалдығын толықтыру мен жақсартуды жүзеге асыруға, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік өмірге қатысу қабілетін арттыруға көмектесті.

Қытай мүгедектер қауымдастығының жауапты адамның айтуынша, «13-ші бесжылдық» (Қытай Халық Республикасының ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамуының 13-ші бесжылдығының жоспары. Ол 2016-2020 жылдар аралығы) жоспар кезінде Қытай дәл оңалту қызметтерін енгізу арқылы 12,525 миллион мүгедекке көмекші қондырғылармен қызмет көрсеткен. 2020 жылы мүгедектерге арналған негізгі көмекші құралдардың бейімделу көрсеткіші 80%-дан асады. 2025 жылға қарай мұқтаж мүгедектерге арналған негізгі көмекші құралдардың бейімделу деңгейі 85%-дан асады деп жоспарлануда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото