ХОК президенті Томас Бах: Бейжің қысқы Олимпиадасы қысқы спорт тарихын түбегейлі өзгертеді (2)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 19 қазан
ХОК президенті Томас Бах: Бейжің қысқы Олимпиадасы қысқы спорт тарихын түбегейлі өзгертеді

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қазанда Бейжің қысқы Олимпиадасына арналған от алауы Олимпиадалық қозғалыстың отаны Грециядағы Пелопоннес түбегіндегі Ежелгі Олимпияда от алауы сәтті тұтандырылды. Екі мың жылдан астам тарихы бар Гера ғибадатханасы алаңының алдында Бейжің үшін Олимпиадалық алау тағы да жанды.

Алау тұтандыру рәсіміне Грекия президенті Катерина Сакелларопулу, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах, Грекия Олимпиада комитетінің басшысы Спирос Капралос және Бейжің Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ю Зайцин қатысты.

ХОК президенті Бах жиналыста сөйлеген сөзінде: «Бейжің тарихта тағы бір із қалдырады, ол жазғы Олимпиаданы да, қысқы Олимпиаданы да қабылдаған тарихтағы бірінші қала болады. 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы Қытай халқын әлеммен байланыстырады, 300 миллион адамды мұз бен қар спортына тартатын болады және қысқы спорт тарихын мәңгілікке өзгертеді»-деді.

Алау тұтанғаннан кейін грек альпинисті Джианнис Антониус бірінші алау ұстаушы ретінде Бейжің қысқы Олимпиада алауы «Фэйян»-ды бұрынғы Қытайлық шорт-трекші Ли Цзяцзюнға берді. Еске сала кетсек, 1998 жылғы Нагано қысқы Олимпиадасында Ли Цзяцзюнь 1000 метрге жүгіруде күміс медальді жеңіп алып, Қытайдың қысқы Олимпиада ойындарында медаль алған алғашқы ер спортшысы болды.

Жоспарға сәйкес, Бейжің қысқы Олимпиадасына арналған Олимпиада алауын 19-шы қазан күні Афиныдағы Панатинайко стадионында Грекия Олимпиада комитетінен Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитетіне беріледі. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің жұмыс тобы Олимпиада алауын Бейжіңге апару үшін сол күні Қытайға қайта ұшады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото