Мұхит жайылымы «Гыңхай 1-ге» бет алайық

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 20 қазан
Мұхит жайылымы «Гыңхай 1-ге» бет алайық

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- «Гыңхай-1» теңіз жайылымдық кешенінің платформасы Шаньдун өлкесінің Яньтай қаласындағы Балықшылар портының шығыс теңіз алабында орналасқан. Ол балық өсіру, теңіз туризмі, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер сияқты функцияларды біріктіреді. Сонымен қатар технологиялық инновациялары арқылы балық шаруашылығының тиімділігін арттырады және теңіз балық шаруашылығының жаңартылуы мен жетілдірілуін жүзеге асырады.

Мәліметтерге сәйкес, «Гыңхай-1» бірінші кезеңі үш тұқымдық тор сандығынан тұрады, олардың жалпы бағымшылық көлемі 30000 текше метрді құрайды. Платформаға автоматты түрде тамақтандыру, қоршаған ортаны бақылау, кемелердің соқтығысуына қарсы жүйелер және жүргізушісіз кеме мен су асты тексеру жүйелері роботтары сияқты техникалық жабдықтар орналастырылған. Ол бүкіл өндірістік барысты зерделендіріп бақылауды жүзеге асыра алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото