Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының алауын қарсы алу рәсімі өтті (6)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 қазан
Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының алауын қарсы алу рәсімі өтті

21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қазанда Бейжің - 2022 қысқы Олимпиада ойындарына арналған от алауы Бейжіңге келді, ал Олимпиада ойындарының алауын қарсы алу рәсімі Олимпиадалық мұнарада өтті.

Жоспарға сәйкес, 2022 жылдың 2-4 ақпан аралығында дәстүрлі алау эстафетасы Бейжің, Янцин және Чжанцзякоудың үш жарыс аймағында өткізіледі, факельдік эстафетаға барлығы 1200-ге жуық алаугерлер қатысады. Сонымен қатар, алау эстафетасы алауды көрсету және желілік эстафетаны қамтиды.

Салтанатты шара алаңында алғаш рет Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына арналған от алауы стенді алғаш рет ашылды.

Алау қондырғысын жобалаудың шығармашылық шабыты Қытайлық қоладан жасалған дәстүрлі ыдыс - Зуннан келген. Төменнен жоғарыға қарай өрнектелген бұлт бедерлер бірте-бірте қардың өрнегіне айналып, «Қос олимпиядалық қаланың» рухани мұрасын білдіреді.

Бұл салтанатты шараның соңында, Олимпиада алауының әнұранының шырқалуына ілесе, Олимпиада алауы қайтадан Олимпиада алауы шамына енгізілді және Олимпиадалық мұнарасының «көк күмбезі» залына қойылды, бұл Бейжің -2022 қысқы Олимпиада ойындарының ресми түрде Олимпиада алауының көрсетілімінің ашылғанын білдіреді.

Бейжің Қысқы Олимпиадасы алау эстафетасының бір көрінісі ретінде, Олимпиада алауы, алау эстафетасының логотипі және алау ұстаушының костюмдері бірге жарияланды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото