Қытайдың соңғы бес жылдағы ғылыми -техникалық инновациялық жетістіктері туралы көрме ашылды (11)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 қазан
Қытайдың соңғы бес жылдағы ғылыми -техникалық инновациялық жетістіктері туралы көрме ашылды

21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық «Он үшінші бесжылдық» ғылым мен технологияның инновациялық жетістіктерінің көрмесі бүгін ашылды. «Ірі елдік ауыр жабдықтар» топ-тобымен Бейжіңде жақын қашықтықтан жұртшылыққа көрсетіліп, «Ғылым мен технологияның дүбірлі мерекесі» тойланды.

Хабарламаларға сәйкес, бұл көрмеде басты назарда болғаны - «Он үшінші бесжылдық» кезеңінде Қытайдың негізгі салалары, стратегиялық жоғары технологиялары, әлеуметтік және адамдардың өмір сүру салаларында қол жеткізген бірқатар ірі жетістіктері. Көрменің жалпы ауданы 21834 шаршы метрді құрайды, онда 1740 экспонаттық бұйымдар, 1347 физикалық объектілер, 277 модельдер, және де 933 көрме панельдері мен 383 бейнероликтер бар. Аталған көрмеге жалпы кіріспе, ғасырлық шолу, іргелі зерттеулер, жоғары технологиялар, ірі арнайы жобалар, ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиясы, әлеуметтік даму, аймақтық инновациялар, реформалар (дарындылар), ашық ынтымақтастық және ғылыми-көпшілік сияқты 12 көрме алаңы орналастырылды. Көрме бір аптаға созылады, жұртшылық көрмені тегін тамашалауға жазыла алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото