- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: Жаңа Қытайдың БҰҰ-ндағы құқықтық заңды мәртебесін қалпына келтіргеннен бері қарайғы 50 жыл Қытайдың бейбіт дамуының және адамзат игілігінің 50 жылы болды
25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 25-і қазан күні Бейжіңде Қытай Халық Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы құқықтық заңды мәртебесін қалпына келтірген 50 жылдық мерейтойлық жиналысына қатысып, маңызды баяндама жасады.
Си Цзиньпин Жаңа Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы құқықтық заңды мәртебесін қалпына келтіргеннен бері қарайғы 50 жыл Қытайдың бейбіт дамуының және адамзат игілігінің 50 жылы екенін баса дәріптеді.
Өткен 50 жыл ішінде Қытай халқы үнемі өзін-өзі жетілдіру рухын насихаттады, үлкен өзгерістер кезеңінде Қытайдың ілгерілеу бағытын түсініп, Қытай мен адамзат дамуының керемет эпопеясын жазды.
Өткен 50 жылда Қытай халқы әрдайым дүние жүзіндегі барлық елдердің халқымен бірігіп, ынтымақтаса отырып, халықаралық әділеттілік пен әділетті қорғап, әлемдік бейбітшілік пен дамуға үлкен үлес қосты.
Өткен 50 жылда Қытай халқы Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен мәртебесін үнемі қорғап, көпжақтылықты қолданып, Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығы күннен күнге тереңдей түсті.
people.cn © People's Daily Online