- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин «Он үшінші бесжылдық» ұлттық ғылыми-техникалық инновациялық жетістіктер көрмесін тамашалады (5)
![]() |
27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазанда ҚКП орталық комитетінің бас хатшысы, мемлекет төрағасы және орталық әскери комитетінің төрағасы Си Цзиньпин Бейжің көрме залында «Он үшінші бесжылдық» ұлттық ғылыми-техникалық инновациялық жетістіктері көрмесін тамашалады.
Еске сала кетсек, Ұлттық «Он үшінші бесжылдық» ғылыми-техникалық инновациялық жетістіктерінің көрмесі 21 қазаннан бастап ашылған болатын. Бұл көрмеде басты назарда болғаны - «Он үшінші бесжылдық» кезеңінде Қытайдың негізгі салалары, стратегиялық жоғары технологиялары, әлеуметтік және адамдардың өмір сүру салаларында қол жеткізген бірқатар ірі жетістіктері. Көрменің жалпы ауданы 21834 шаршы метрді құрайды, онда 1740 экспонаттық бұйымдар, 1347 физикалық объектілер, 277 модельдер, және де 933 көрме панельдері мен 383 бейнероликтер бар. Аталған көрмеге жалпы кіріспе, ғасырлық шолу, іргелі зерттеулер, жоғары технологиялар, ірі арнайы жобалар, ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиясы, әлеуметтік даму, аймақтық инновациялар, реформалар (дарындылар), ашық ынтымақтастық және ғылыми-көпшілік сияқты 12 көрме алаңы орналастырылды. Көрме бір аптаға созылады, жұртшылық көрмені тегін тамашалауға жазыла алады.
people.cn © People's Daily Online