Алтын күздегі «Көл бетіндегі шай бақшасы» көздің жауын алады (5)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 27 қазан
Алтын күздегі «Көл бетіндегі шай бақшасы» көздің жауын алады

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылдың 26 қазанында Чжэцзян өлкесі Ханчжоу қаласы Чуньань ауданына көз тастасақ, иректеліп, жұлдыздай жыпырлаған «Көлдегі шай бақшалары» Цяндао көлінің көгілдір толқындарында қалқып, көздің жауын алатын әсем күздің картинасын кестелеп тұр.

Мәліметтерге сәйкес, соңғы жылдары Чуньань ауданы экологиялық өнеркәсіпті айтарлықтай дамытып,шай егу аудандағы негізгі өнеркәсіпке айналды. Қазіргі уақытта 190 000 му шай бақшасы және 80 000-нан астам шай шаруашылықтары бар. Оның 30 000 му шай бақшасы 300-ден астам аралдарға шашырай жайғасып,бірегей жасыл экологиялық көріністі қалыптастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото