Топты жалбағай Поян көлінде қыстайды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 қазан
Топты жалбағай Поян көлінде қыстайды

28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы күндері сирек кездесетін жыл құсы - жалбағайлар тобымен Поян көлі Цзянси өлкесінің(еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан) Цзюцзян қаласы Хукоу ауданындағы сазды жерге ұшып келді. Поян көлі - Қытайдың ең ірі тұщы көлі және халықаралық маңызды сазды жері. Әрі әлемдегі ең ірі құстарды қорғау аумақтарының бірі. Көлдің жыл сайын күз бен қыс мезгілінде суы тартылады да, Шығыс Азиядан Австралияның батысына дейінгі жыл құстарының көші-қон жолында қыстайтын жеріне және демалатын орнына айналған.

Соңғы жылдары Хукоу ауданы Поян көлінің сазды алқабын қорғауды бірте-бірте күшейте түсті. Бір жағынан көл бойындағы тиісті бөлімдер әр айдың 8, 18, 28-ші күндері қыстайтын жыл құстарының түрлеріне, саны мен сазды қорғауға және басқа да жағдайларға кешенді бақылау-тексеру жүргізеді. Екінші жағынан, жергілікті «Жағалау балықшыларынан» тұратын жыл құсы-патрульдік топтар сазды аумақты ауық-ауық тексереді. Сонымен қатар, көл бойында үгіттеу мен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарын құстарды сүйіп, құстарды қорғау шараларына белсенді қатысуға жұмылдырады. Сазды алқаптардың табиғи ортасының үздіксіз жақсаруына байланысты Поян көліне келіп қыстайтын жыл құстарының саны мен түрлері жыл сайын көбеюде. Көптеген жыл құстары бірте-бірте осында қалып «Тұрақты құстарға» айналды.

 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото