Ұлттық спорт басқармасына отандық қар балауыз көлігі жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қазан
Ұлттық спорт басқармасына отандық қар балауыз көлігі жеткізілді

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қазанда Бейжіңде «2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы мен қысқы паралимпиада қар балауыз көлігін жеткізу рәсімі» өтті. Салтанатты шарада Ұлттық спорт басқармасының Қысқы спорт орталығы мен Шаньдун өлкелік спорт өнеркәсібі тобы жеткізу мен қолдану және қысқы Олимпиада ойындарындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, қар балауыз машиналарын тапсырып алды. Отандық қар балауыз көлігі толығымен тәуелсіз зияткерлік меншік құқықтарына ие болып,еліміздің осы саладағы бостықты толықтырды. Толық кеңейтілгеннен кейін қар балауыз автомобиль шанағын тиімді пайдалану ауданы шамамен 92,5 шаршы метрді құрайды. Сноуборд балауызына арналған үстелдер үшін алты жұмыс алаңы, сонымен қатар сноуборд қар балауызын сақтау орындары, демалыс орындары, спортшылардың жаттығу алаңдары, дәретхана,монша сынды бөлмелер іске қосылған. Ғимарат фотоэлектр қуатын сақтау, бетті тану және қоршаған ортаны зерделі бақылау сияқты технологиялармен жабдықталған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото