Бейжің қысқы Олимпиада саябағы ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қазан
Бейжің қысқы Олимпиада саябағы ресми түрде ашылды

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазанда Бейжің қысқы Олимпиада саябағы ресми түрде ашылды. Қазірге дейін Бейжіңде Бейжің қысқы Олимпиадалық саябағы және Бейжің Олимпиадалық саябағы сынды «Қос Олимпиадалық саябақ» орнықты.

«Бейжің қысқы Олимпиадалық саябағы» Бейжіңнің Шицзиншань аумағында орналасқан Шоугаң саябағында. Бұл Қытайдағы темір және болат өнеркәсібінің мәдени жәдігерлерімен ерекшеленген алғашқы тақырыптық-мәдени саябақ. Бұл жер бұрын темір зауыты болса, қазір қысқы спорт орталығына айналды. Саябақтың жалпы ауданы 171,2 гектарды құрайды, оның ішінде Шоугаң шаңғы трамплині, Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің штаб-пәтері, Бейжің қысқы Олимпиадасының бас операциялық орталығы және басқа да көптеген іс-шараларды ұйымдастыру орындары бар.

Шоугаң 1919 жылы құрылған, бүгінге дейін жүз жылдық тарихы бар. Шоугаң - Қытайдағы ең алғашқы заманауи болат компанияларының бірі. 21 ғасырда Шоугаң темір-болат өнеркәсібінің орналасуын және өнеркәсіптік құрылымды реттеу стратегиясын белсенді түрде жүзеге асырып, темір және болат өнеркәсібінің орнын ауыстыру мен реттеуге жетекшілік етті.

2005 жылдың 18 ақпанында Ұлттық даму және реформа комиссиясы Мемлекеттік кеңестің бекітуіне ұсынғаннан кейін ресми жауап алынып, Шоугаңның қоныс аудару, құрылымдық түзету және қоршаған ортаны басқару жоспарын жүзеге асыруға келісім жасалды. Сонымен қатар Хэбэй өлкесі Таншан районы Саофидиянда халықаралық деңгейде дамып, бірлескен болат кәсіпорынын құрып, оны Шоугаңның қоныс аударуының тасымалдаушысы етуге мақұлдық берді.

Бұрынғы темір рудасын тасымалдайтын және сақтайтын қойма қайта салынып, оған 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің кеңсесі орналасты. Ескі зауыт ғимараты Бейжің қысқы Олимпиадасының базалық алаңына айналды. Шоугаң Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен қысқы Паралимпиада ойындарының ресми серіктесі болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото