- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин вакцина бойынша жаһандық ынтымақтастық бастамасын ұсынды (2)
1 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 30-ы қазан күні Бейжіңде бейне байланыс арқылы «G20» елдері басшыларының 16-шы саммитінің бірінші кезеңіне қатысып, маңызды баяндама жасады.
Си Цзиньпин вакцина саласындағы жаһандық ынтымақтастық бастамасын ұсынды: Біріншіден, вакцинаны ғылыми тұрғыдан зерттеу саласындағы ынтымақтастықты күшейту және вакцина компаниялары мен дамушы елдер арасындағы бірлескен зерттеулер мен өндірістерді қолдау. Екіншіден, әділдік, әділеттілік пен теңдік қағидаттарын ұстану, дамушы елдерге вакцинаны жеткізу тебінін арттыру және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген 2022 жылға арналған жаһандық вакцинация мақсатын жүзеге асыру. Үшіншіден, Дүниежүзілік сауда ұйымының вакцина зияткерлік меншік құқығынан босату туралы ерте шешімін қолдау және вакцина жасап шығаратын компанияларын дамушы елдерге технологияны тасымалдауға ынталандыру. Төртіншіден, трансшекаралық сауда ынтымақтастығын нығайту және вакциналар мен шикізаттың кедергісіз саудасын қамтамасыз ету. Бесіншіден, әртүрлі вакциналарға әділ қарау және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайға қарсы вакциналар тізіміне негізделген вакциналарды өзара тануға ықпал ету. Алтыншыдан, жаһандық вакцина ынтымақтастығына, әсіресе дамушы елдердің вакцина алуына қаржылық қолдау көрсету.
people.cn © People's Daily Online