Қыс құшағында жым-жырт жатқан Цзинбо(Айна) көлінің мол өнімі (5)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 1 қараша
Қыс құшағында жым-жырт жатқан Цзинбо(Айна) көлінің мол өнімі

1 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Цзинбо көлі Хэйлунцзян өлкесі (еліміздің солтүстік-шығысында) Муданьцзян қаласының оңтүстік-батысында орналасқан. Ол 5000 жыл бұрын бес реткі жанартау атылудан кейін, лава Муданьцзян өзенінің көне арнасын бөгеп қалып пайда болған әлемдегі ең үлкен жанартаулық лава бөгеттік көлі болып табылады. Сонымен қатар ол Қытайдағы ең үлкен және әлемдегі екінші ұлкен алып бөгеттік көлі.

Цзинбо көлі таулармен қоршалған, және көлдің беті өзінің аты айтып тұрғандай айнадай таза. Дяошуйлоу сарқырамасы, кратер жер асты тың орманы, жер асты лава туннелі және т.б. орындардың бәрі - Цзинбо көлінің көркем аймағындағы танымал жерлер. Қыстың басында Цзинбо көлі жым-жырттыққа шомып, көл бетіндегі селдір тұманмен бірге тамаша романтикалық көрініс қалыптастырады.

Мыңдаған жылдар өткеннен кейін Цзинбо көлі салтанатты қысқы балық аулауды негіз етіп, туризмді, мәдениетті, аквамәдениетті және басқа да салаларды бірлестіріп ортақ дамытатын және «Туризм + демалыс балық аулау» кешенді даму үлгісін құруға бағытталған ерекше балық аулау және аңшылық мәдениетін қалыптастырды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото