Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай негізгі алаңдар көрсетілді (2)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 1 қараша

Бейжің жарыс аймағы

 

●Ұлттық стадион

Бұл таңғажайып стадион ерекше дизайнына байланысты «Құс ұясы» деп аталады. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде «Құс ұясы» ашылу және жабылу салтанаты өтетін орын ретінде пайдаланылады, бірақ мұнда жарыстар өткізілмейді.

 

●Ұлттық коньки тебу стадионы

Экстерьер дизайны конькимен жүгіру шеберлігін, дәлдігін, жылдамдығы мен динамикасын көрсетеді. Ол «Мұз лентасы» деп аталады және қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарында конькимен жүгіруден жарыстар өткізеді. Бұл орында жалпы 14 алтын медальдің негері анықталатын болады.

●Шоуган шаңғымен секіру орталығы

Әлемдегі бірінші тұрақты бір тақталы үлкен платформа (Big Air), сонымен қатар өнеркәсіптік нысанды қайта пайдаланумен тікелей біріктірілген Қысқы Олимпиада тарихындағы бірінші жарыс алаңы болып табылады.

●Ұлттық жүзу орталығы

   Орталық 2008 жылғы Бейжіңдегі Жазғы Олимпиада ойындары кезінде «Су текшесі» ретінде белгілі. Ол бір кездері жүзу, суға секіру және синхронды жүзу жарыстарының орны болған. Енді ол «Мұз текшесі» болып өзгертілді және мұнда қысқы Олимпиада ойындарының керлинг жарысы өтеді. Осылайша ол «Қос Олимпиада» өткен орынға айналады.

●Вукэсун спорт орталығы

  Спорт орталығы 8 ай жөндеуден кейін 30×60 және 26×60 метрлік екі конверттелетін мұз айдынымен жабдықталды. Бұл шайбалы хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және басқа да іс-шараларды өткізуге арналған жалпы мақсаттағы орын ғана емес, сонымен қатар 6 сағат ішінде «Мұз алаңын баскетбол алаңына айналдырып», одан соң алаңды қайта қалпына келтіре алады. Аталған алаң да алда «Қос Олимпиада» өтетін орынға айналады.

●Ұлттық стадион

    Стадион Бейжіңдегі 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары өткен орындардың бірі. Құрылыс сәулеті қытайлық жиналмалы желпуіштің дизайнына ұқсас болғандықтан, жұрт оны «желпуіш» деп атап кеткен. Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін қасбеттің бір бөлігі кеңейтілді, бірақ шатырдың пішіні, қасбеттік материалды таңдау және кеңістіктік масштабты бөлу сияқтылар бастапқы келбетін сақтап қалды.

●Елордалық стадион

Қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанау және шорт-трек жарыстары өтеді.

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото