Шайбалы хоккейші қыздың Қысқы Олимпиада арманы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 қараша
Шайбалы хоккейші қыздың Қысқы Олимпиада арманы

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Чжу Цзюньфэй – Бейжіңнің төл тумасы. Ол бес жасында сырғанау мұз айдынында жаттығып жүрген кезінде, шайбалы хоккей ойнап жүрген адамды алғаш көріп, бұл спортты ұнатып қалады. Ол кезде Бейжіңде шайбалы хоккей ойнайтын қыздар аз болғандықтан, Чжу Цзюньфэй тек ұл балалармен бірге жаттығып, олармен бірге жарысқа қатысады.

Бастауыш мектепке түскеннен кейін, Чжу Цзюньфэй Шицзя бастауыш мектебінің шайбалы хоккей командасының негізгі ойыншысы ретінде командаға 2013 жылдан 2017 жылға дейін 5 жыл қатарынан Бейжің орта-бастауыш мектепаралық шайбалы хоккей лигасының А топтық чемпионатында жеңіске жетуге көмектесті. Шайбалы хоккейге деген махаббатының жетегінде Чжу Цзюньфэй анасымен бірге шетелге барып бір жағынан жаттығып, бір жағынан оқуын жалғастырады. Ол құлдыраулар мен сәтсіздіктерді басынан өткерді, ақыры өзінің табандылығы мен қажырлы жаттығуларының арқасында бапкердің құрметіне және командадағы басты орынға ие болды.

2018 жылы Чжу Цзюньфэй шайбалы хоккейден Қытайдың әйелдер жастар құрамасына (U18) таңдалды. 2019 жылдың қаңтарында шайбалы хоккейден FIH U18 әйелдер арасындағы әлем чемпионатының А тобы В группасында Қытай құрамасы Голландия құрамасына қарсы жарыста 14 жастан 100 күн ғана асқан Чжу Цзюньфэй екінші бөлегінде нәтиже көрсетіп, шайбалы хоккейден Қытай ұлттық құрамасында гол соққан ең жас ойыншы болды.

2020 жылғы шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты (U18) А тобы В группасындағы жарыста Чжу Цзюньфэй Қытай командасына барлық бес ойынның төртеуінде жеңіске жетуге көмектесті және команда тарихындағы ең жақсы нәтиже - үшінші орынға қол жеткізді.

«Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында топ жарып, өз үйінің алдында жарысқа қатысыу» Чжу Цзюньфэйдің көптен күткен арманы еді. Ол өзі «Бұл менің кәсіптік өмірімдегі ең жарқын сәт»-,деді. Бұл мақсат үшін ол бар күшін салып жаттығып, ұлттық құраманың шақыруын күтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото