Тоқсун ауданындағы қардан кейінгі жайлау көркі (2)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 қараша
Тоқсун ауданындағы қардан кейінгі жайлау көркі

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Тұрпан қаласы Тоқсун ауданындағы Хэйшань (Қара тау)жайлауын, күз соңында жауған алғашқы қар ақ қар, көк мұзбен көмкеріп, таңғажайып көрініс қалыптастырды.

Тұрпан қаласы «От аралы» деген атпен белгілі, ал оның қарамағындағы Тоқсун еліміздегі бірден-бір «Нөлдік биіктіктегі» аудан болып табылады. Дегенмен, осы аудандағы Хэйшань (Қара тау)жайлауы бұған керісінше. Ол Тұрпан ойпатының ең батыс бөлігіне орналасқандықтан, теңіз деңгейінен биіктігі 2200 метрден асатын және ең биік жері 4338,4 метрді құрайтын асқар таулы жайлауға жатады. Айтылмыш жайлаудың жанындағы Мұзилок тауы жыл бойы қардан ақ қалпақ киінеді.

Кең байтақ жерде басын ақ шалған таулар арқасын көк аспанға төсеп, етегін алтын түсті жайлаумен көмкеріп, салған суреттей ғаламат көріністі көз алдыңызға әкеледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото