Бейжіңде Ұлттық ғылым және технология марапаттары конференциясы салтанатты түрде өтті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 4 қараша
Бейжіңде Ұлттық ғылым және технология марапаттары конференциясы салтанатты түрде өтті

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қараша күні Бейжіңдегі Халық сарайында 2020 жылғы Ұлттық ғылым және технология марапаттары конференциясы салтанатты түрде өтті. Жиналыс алдында партия және мемлекет басшылары Си Цзиньпин, Ли Кэцян, Ван Хунин, Хань Чжэн сынды басшылар марапатқа ие болған өкілдермен кездесіп, бірге суретке түсті.

2020 жылғы Ұлттық ғылым және технология марапаттарына 264 жоба, 10 ғылыми-технологиялық маман және 1 халықаралық ұйым таңдалды. Ұлттық ғылым және технология марапаттары ең жоғары ұлттық ғылым және технология сыйлығын, ұлттық жаратылыстану саласындағы сыйлықты, ұлттық технологиялық өнертабыс сыйлығын және ұлттық ғылым және технология прогресінің сыйлығын қамтиды. Сонымен қатар шетелдік мамандар мен бір халықаралық ұйымға Қытай Халық Республикасы ғылым және технология саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық сыйлығы берілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото