Қытай Коммунистік партиясы 19-ыншы Орталық Комитетінің алтыншы пленарлық мәжілісі «тарихи қаулы» қабылдады (7)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 қараша
Қытай Коммунистік партиясы 19-ыншы Орталық Комитетінің алтыншы пленарлық мәжілісі «тарихи қаулы» қабылдады

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылдың 8-11 қарашасы аралығында Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясы 19-ыншы Орталық Комитетінің алтыншы пленарлық мәжілісі өтті. Жиналысты ҚКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросы басқарады. Мәжілісте Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпин маңызды баяндама жасады. Пленарлық мәжіліс Си Цзиньпинның ҚКП ОК саяси бюросының атынан жасаған баяндамасын тыңдап, талқылады. «Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің партияның жүз жылдық күресінің ірі жетістіктері мен тарихи тәжірибесі туралы қаулысын» қарап, мақұлдады; «Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы ұлттық съезін шақыру туралы қаулыны» талқылады және мақұлдады. Си Цзиньпин пленарлық мәжілісте «Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің партияның ғасырлық күрестегі ірі жетістіктері мен тарихи тәжірибесі туралы қаулысы (талқылау жобасы)» туралы түсініктеме берді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото