Хайкоу халықаралық бажсыз қала жобасын тездетіп салып жатыр (3)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 қараша
Хайкоу халықаралық бажсыз қала жобасын тездетіп салып жатыр

15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылдың 14 қарашасында Хайнань өлкесінің (еліміздің ең оңтүстігінде орналасқан)Хайкоу қаласындағы халықаралық бажсыз қаланың жобалық алаңы қарбалас жұмыс жасап жатыр. Мәліметтерге сәйкес, Хайкоу халықаралық бажсыз қала жобасының жоспарланған жалпы құрылыс алаңы 926 000 шаршы метрді құрайды. Ол батыс жағалаудағы жаңа теңіз портының шығыс жағында орналасқан, Хайнань өлкесі экономикалық дамудың өзекті аймағы болып табылады. Порттың алыс аралдарынан келетін туристердің негізгі басып өтетін жолы. Әрі ол бір мезгілде аралдың ішінде де, сыртында да қызмет көрсету функцияларын орындай алады. Қазіргі уақытта Хайкоу қаласындағы халықаралық бажсыз қала жобасының коммерциялық орталығының негізгі құрылымы аяқталды және 2022 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото