Бейжің қысқы Олимпиада ойындары үшін арнайы жолақтарды жобалай бастады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 қараша
Бейжің қысқы Олимпиада ойындары үшін арнайы жолақтарды жобалай бастады

15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылдың 12 қарашасынан бастап Бейжің қаласы 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындары үшін кейбір қалалық жолдарда арнайы жолақтарды жоспарлауды және арнайы жолақ белгілерін салуды бастады.

Олимпиадалық жолдар арнайы жолақтар мен тірек белгілерінен тұрады. Олардың ішінде арнайы жолақ таңбалары ішкі жолақты бөлу сызығында қызғылт ыстық балқыма бояумен ауыстыра боялады да, жер белгілері арнайы жолақтың бастапқы нүктесінде алдын ала жасалған таңбалау таспаларымен белгіленеді. Екі бояудың да түсі ашық, оңай айқындалатын ерекшеліктерге ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото