Қытайдың авиациялық өнеркәсібінің әскери сауда өнімдері 17-нші Дубай халықаралық авиасалонында жүйелі түрде бой көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 қараша
Қытайдың авиациялық өнеркәсібінің әскери сауда өнімдері 17-нші Дубай халықаралық авиасалонында жүйелі түрде бой көрсетті

15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 14 қарашада БАӘ, Дубай қаласындағы Әл-Мактум халықаралық әуежайында 17-нші Дубай халықаралық авиасалоны ресми түрде ашылды. Шараға Қытай авиациялық өнеркәсібі негізгі әскери сауда өнімдерінің жүйелі түрде қатысуы еліміздің авиация өнеркәсібі әскери сауда өнімдерінің жаңашылдығы мен дамуын көрсетті. Бұл сонымен қатар Қытайдың авиациялық өнеркәсібі әскери сауда өнімдерінің жаһанды шарпыған індеттен кейінгі кең ауқымды халықаралық әуе көрмесіне алғаш рет жүйелі түрде қатысуы болды. Көрме өнімдерінің ішінде еліміздің өз бетінше зерттеп, әзірлеген «Falcon (сұңқар)» L15 жаңа буын озық жаттықтырушы ұшағы тамаша ұшу көрсетілімін жасап, көпшіліктің назарын аударды.

    Қытайдың авиациялық өнеркәсібінің Дубай әуе көрмесінде бұл жолы әскери сауда өнімдері оқу-жаттығу ұшақтарын, тікұшақтарды, көлік ұшақтарын және десанттық қаруларды қамтиды. Жабық стенд ауданы 200 шаршы метр, сыртқы ашық көрме алаңы 300 шаршы метр.

    Көптен күткен ұшу көрсетілімі L15 тік маневр, көлденең маневр, айналып ұшу, төңкеріліп ұшу, баяу қарқынмен кең айналу, тік көтеріліп құлдырау және жоғары сападағы шағын рейсті қондыру сияқты көптеген ұшу тәсілдерін сәтті аяқтап, көрермендердің мадақтауына ие болды.

   Әлемнің алдыңғы қатарындағы халықаралық авиашоуында Дубай әуе шоуы Таяу Шығыс пен Африка нарықтарын қамтып, тамаша жетістіктерге ие болуда. Ұйымдастырушының айтуынша, бұл авиашоуға 20-дан астам елден 1200-ден аса экспоненттер жиналып, 160-тан астам ұшақ қойылған. Бұл рекордтық көрсеткіш және көрме ауқымы 2019 жылдан ұлғайған әрі «авиация, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібін бір-біріне қайта ұластыру мүмкіндігіне» айналмақ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото