Си Цзиньпин: Қытай мен АҚШ бір-бірін құрметтеп, бейбіт қатар өмір сүріп, ұтымды ынтымақтасуы керек (2)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қараша
Си Цзиньпин: Қытай мен АҚШ бір-бірін құрметтеп, бейбіт қатар өмір сүріп, ұтымды ынтымақтасуы керек

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бүгін таңертең Бейжіңде АҚШ президенті Байденмен бейнекеңес өткізді.

Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: Қытай да, Америка да өз дамуының маңызды кезеңінде, адамзат «Жер шары кеңістігінде» көптеген сынақтарға тап болып отыр.

Әлемнің экономикасы жоғары екі мемлекеті және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде Қытай мен АҚШ байланыс пен ынтымақтастықты нығайтып, тек ішкі істерді шешіп қана қоймай, сонымен бірге тиісті халықаралық жауапкершіліктерді міндетімізге алып, адамзаттың дамуы мен бейбітшіліктің игі ісін бірлесіп алға жылжытуымыз керек. Бұл Қытай мен Америка Құрама Штаттары және әлемдегі барлық елдер халқының ортақ көзқарасы, сонымен қатар Қытай мен Америка Құрама Штаттары басшыларының ортақ миссиясы.

Си Цзиньпин: Қытай мен АҚШ-тың дамуын ілгерілету, бейбіт және тұрақты халықаралық ортаны сақтау және климаттың өзгеруі мен жаңа пневмония індеті сияқты жаһандық сын-қатерлерге тиімді жауап беру үшін Қытай мен Америка Құрама Штаттарының қарым-қатынасы салауатты әрі тұрақты болуды қажет етеді деп баса айтты. Қытай мен Америка бір-бірін құрметтеп, бейбіт қатар өмір сүріп, ынтымақтастықпен ортақ ұтысқа жетуі керек. Мен Қытай-АҚШ қарым-қатынасының жемісті дамуына жетекшілік ету үшін Президент мырзамен ортақ келісімге келіп, оң қадамдар жасағым келеді. Бұл екі ел халқының игілігі үшін қажет және халықаралық қауымдастық та бізден осыны күтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото