Операция кезінде шалбары түсіп кетсе де оған мән бермеген хирург

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 қараша
Операция кезінде шалбары түсіп кетсе де оған мән бермеген хирург

17 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Операция кезінде шалбары түсіп кетсе де оған мән бермеген хирург науқастың өмірін сақтап қалу менің қуанышым деді. Жақында интернетте операция бөлмесінде түсірілген бір сурет тез таралып кетті. Суретте дәрігердің хирургиялық шалбары тобығына толығымен түсіп кеткен, бірақ дәрігер мұны аңғармай, байағысындай операциясын жалғастыра берген.

Фотодағы бұл кейіпкер – дәрігер Ие Цзинтин, бұл оның бір 62 жастағы жүрек науқасына операция жасап жатқан кезі еді. Бұл Операцияны аяқтау үшін Ие Цзинтин мен оның әріптестері 6 сағаттан астам уақыт тік тұрып жұмыс істеді.

Ие Цзинтин «Шалбардың түсіп қалуы - бұл операция барысында туылып тұратын кездейсоқтық. Бізге ауруды емдеп, адамдарды құтқару үшін жақсы жұмыс істеу жеткілікті», науқас қазір қауіптен арылды және оның жағдайы жақсы деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото