"Қазақстан аруы – 2021" ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қараша

"Қазақстан аруы – 2021" ұлттық сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. "Қазақстан аруы" тәжі Назерке Қармановаға бұйырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жеңімпаз аруға тәжді "Қазақстан аруы — 2019" атанған Мадина Батық кигізді. Енді Назерке Қарманова "Әлем аруы" байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар, байқау нәтижесінде тағы екі қатысушы ару тәж киді. Бірден үш жеңімпаздың анықталуы байқау тарихында алғаш рет болып отыр. Анна Глубоковская ел атынан "Жер жүзі аруы" байқауына, ал Айдана Ақантаева "Жаһан аруы" байқауына қатыспақ.

Айта кетейік, байқаудың финалына 28 ару шықты. Оның ішінен 5 бойжеткен үздік атанып, жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы таңдалды.

Биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтті. Қазақстанның әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдады. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдескен болатын. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото